Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Републикасының инвестициялар және даму министрлігі
Сенім телефоны
+7 7172 754-547
Тегін қоңырау

 

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму

министрлігінің Әкімшілік жұмыс департаменті туралы ереже 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Әкімшілік жұмыс департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2. Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3. Департаменттің құрылымын, штаттық санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Министрліктің Жауапты хатшысы бекітеді.

4. Департамент мыналардан тұрады:

1) Министрліктің қызметін қамтамасыз ету басқармасы;

2) Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы

3) Мемлекеттік сатып алу басқармасы.

 

2. Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары,

құқықтары мен міндеттемелері

 

5. Міндеті:

5.1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі атынан тауарларды мемлекеттік сатып алу, жұмыстар мен қызмет көрсету үдерісінің дайындығын және өткізуін ұйымдастыру.

Функциялары:

1) Министрлікті өндіріс процесіне қажетті тауарлармен, жұмыстармен және көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз ету мақсатында «Мемлекеттік сатып алу туралы» өзге де нормативтік құқықтық актілерді сәйкес тәсілдермен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу;

2) Әкімшісі Министрлік  болып табылатын бюджеттік бағдарламалар бойынша тауарларды, қызметтерді және жұмыстарды мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстар өткізу кестесін, жылдық жоспарын бекітуге даярлау, мемлекеттік сатып алу бойынша есептілікті жүргізу;

3) Министрлікте өткізілген мемлекеттік сатып алуға мониторингті жүзеге асыру;

4) Министрліктің мемлекеттік сатып алу жоспарын заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алу бойынша уәкілетті органға ұсыну;

5) мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша практикалық және әдістемелік көмек көрсету;

6) мемлекеттік сатып алу саласындағы Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша әдістемелік құралдарды әзірлеуге және енгізуге қатысу;

7) нормативтік құқықтық актілердің жобаларын өз құзыреті шегінде келісу;

5.2 Министрліктің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету

Функциялары:

1)         Министрліктің жалпы ұйымдастыру мәселелерін әкімшілік ету;

2)        Мемлекеттік және ұлттық мерекелерге теңестірілген іс-шараларды өткізуді ұйымдастыру;

3)       Министрлік қызметкерлерінің қоғамдық жұмыстарға қатысуын ұйымдастыру;

4)      «Transport tower» әкімшілік-технологиялық кешені ғимаратында (бұдан әрі - «Transport tower» ӘТК ғимараты) өткізу режимін қамтамасыз ету;

5)      «Transport tower» ӘТК ғимаратында шаруашылық қызмет көрсетуге бақылауды жүзеге асыру;

6)      «Transport tower» ӘТК ғимаратында жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына бақылау;

7)      «Transport tower» ӘТК ғимаратында орналасқан ұйымдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету. 

8)    Министрліктің басшыларын және қызметкерлерінің қызметін телефон байланысымен, жиһаздармен және кеңсе  тауарларымен қамтамасыз ету

6. Құқықтары мен міндеттері:

          6.1.  Департамент:

          1) мемлекеттік мерекелерге теңестірілген іс-шараларды өткізуді ұйымдастырады;

          2) қоғамдық жұмыстарға Министрлік қызметкерлерінің қатысуын ұйымдастырады;

            3) «Transport tower» ӘТК ғимаратында шаруашылық қызмет көрсетуін және жөндеу - қалпына келтіру жұмыстарына бақылауды жүзеге асыру;

           4) Министрлік қызметкерлерінің телефон байланысымен, жиһазбен, кеңсе тауарларымен және ұйымдастыру техникасымен қамтамасыз етілуін жүзеге асырады;

          5) ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлері үшін уақытша кіруді ресімдейді;

          6) «Transport tower» ӘТК ғимаратына кіру үшін тізімді қалыптастырады;

          7) бақылау-өткізу пункттері арқылы кіруге рұқсат бере отырып, автокөлік құралдарының тізімін қалыптастырады;

          8) кіруге/шығуға материалдық рұқсаттаманы ресімдейді;

          9) «Transport tower» ӘТК ғимаратында өртке қарсы жұмыстарды жүргізуді қамтамасыз етеді;

          10) Министрлік әкімшісі болатын бюджеттік бағдарламалар бойынша тауарлар, жұмыстар және қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алу  бойынша  жылдық жоспарды бекітуге әзірлеу;

         11) тауарлар, жұмыстар және қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алу  бойынша конкурстық құжаттаманы әзірлеуді және бекітуді қамтамасыз ету;

          12) мемлекеттік сатып алу веб-порталында хабарлама жариялауды қамтамасыз ету;

          13) конкурстық комиссияның жұмысын ұйымдастыру;

         10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

         6.2. Департамент мынадай міндеттерді атқарады:

1)     Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Министрліктің басшылығына жоғары тұрған және басқа мемлекеттік органдар өткізетін кеңестерге материалдарды дайындауды жүзеге асырады;

            2)Департамент қызметкерлерінің әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерінің этика нормаларын сақтауын қамтамасыз ету

          3)Департаменттің құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді атқарады.

 

3. Департамент қызметін ұйымдастыру

 

7. Департамент заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес оның негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерге ие.

8. Департаментті Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітіліген тәртіпте лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын Директор басқарады.

9. Департамент Директорының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес орынбасарлары бар.

10. Департамент Директоры Департамент қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Департаментке жүктелген міндеттерді орындауға және оның өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.

11. Департамент Директоры Министрлік басшылығына Департаменттің құрылымы және штаттық кестесі бойынша ұсыныстарды ұсынады.

12. Бұл мақсаттарда Директор:

1) өз орынбасарларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

2) Департамент құрамына кіретін Басқармалар басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

3) Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы Президенттің актілеріне сәйкес өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады.

13. Департамент Директорының орынбасары:

1) өз өкілеттігі шегінде Департамент қызметін үйлестіреді;

2) Департамент Директоры болмаған кезеңде Департамент қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Департаментке жүктелген міндеттерді орындауға және оның өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады;

3) Департамент Директорына жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

14. Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департамент атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілген құжаттарға Департамент Директоры қол қояды, ал ол болмаған жағдайда – оны алмастырушы тұлға қол қояды.

15. Департамент Директоры, оның орынбасары және Департамент Басқармаларының басшылары сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға міндетті және сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына дербес жауапты болады.

16.  Департамент қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттемелері белгіленген тәртіпте бекітілген олардың лауазымдық нұсқаулықтарымен айқындалады.

© 2017

Қазақстан Републикасының инвестициялар және даму министрлігі

Әкімшілік жұмыстар департаменті