Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Републикасының инвестициялар және даму министрлігі
Сенім телефоны
+7 7172 754-547
Тегін қоңырау

You are here

Авиакомпанияларға тұрақты ішкі коммерциялық әуе тасымалдарын орындауға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы

«Авиакомпанияларға тұрақты ішкі коммерциялық әуе тасымалдарын орындауға

рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің

міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы

№ 352 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

 

 

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Авиакомпанияларға тұрақты ішкі коммерциялық әуе тасымалдарын орындауға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 352 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11460 тіркелген, «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 3 шілдеде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Авиакомпанияларға тұрақты ішкі коммерциялық әуе тасымалдарын орындауға рұқсат беру қағидаларында:

келесі мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:

«7-1. Осы Қағидалардың 7-тармағымен белгіленген біліктілік талаптарына өтініш берушінің сәйкессіздігі авиакомпанияны ішкі тұрақты коммерциялық әуе тасымалдарын орындауға жіберуден бас тарту үшін негіз болып табылады.»;

келесі мазмұндағы 15-тармақпен толықтырылсын:

«15. Бұрын берілген тұрақты ішкі коммерциялық әуе тасымалдарын орындауға рұқсатты тоқтата тұру және кері қайтарып алу «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 79-бабының 2-2-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.».

2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2)   осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3)   осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

4)   осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

5)   осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

 

 

         Қазақстан Республикасының

     Инвестициялар және даму министрі

Ж. Қасымбек

 

 

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрі

______________Т. Сулейменов 

2017 жылғы «___» _________

   

 

Жарияланған: 10.05.2017
Жаңартылған: 10.05.2017
© 2017

Қазақстан Републикасының инвестициялар және даму министрлігі

Әкімшілік жұмыстар департаменті